Параны 10,4 миллион теңгелік көлік түрінде алған басшы ұсталды
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" ММ басшысы "Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру" нысаны бойынша құрылыс жұмыстары шартын бір көзден алу тәсілімен жасағаны үшін және орындалған жұмыстар актілерін кедергісіз қабылдағаны үшін пара алған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖШС өкілінен құны 10,4 млн. теңге болатын 2019 жылғы "Nissan Qashqai" автокөлігі түрінде талап еткен. Мұнымен қоса, "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысына қатысты "Восточный кентінің су құбыры желілерінің құрылысы" нысаны бойынша 145 млн.теңге сомасында орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдау үшін жоғарыда көрсетілген ЖШС өкілінен 250 мың теңге сомасында пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған лауазымды тұлғалар ҚІЖК 128-б. тәртібінде ұсталып, Қостанай қ. ПБ УҰИ-ға қамалды.
Және жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға пара берді деген күдікпен ЖШС өкіліне қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.