Сақ болыңыз! 28-29 қыркүйек күндері магниттік дауыл болуы мүмкін

Oinet.kz 27-09-2019 1920

Screenshot_9.jpg

28 және 29 қыркүйек күндері Жерде G1 және G2 санаттарына жататын магниттік толқын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Oinet.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап

Ғалымдардың айтуынша, 28 қыркүйекте оның қарқыны орташа болады, ал 29 қыркүйекте салыстырмалы түрде бәсеңдейді. 

Магниттік дауыл денсаулығы ауа райына тәуелді адамдарға қиындық туындатуы мүмкін. Жер тұрғындарының 10-15%-ы геомагниттік белсенділікке төзімсіз келеді, деп хабарлады iz.ru.

Магниттік толқынның әсерін азайту үшін қарапайым судың пайдасы зор. 

«Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақтылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді. Сондай-ақ ұйқының бұзылуы, тітіркену мен әлсіздіктің болуы мүмкін екенін және оның магниттік дауыл аяқталғаннан кейін қалпына келетінін ескертеді», - делінген хабарламада.

Тітіркену жағдайлары орын алған кезде шай мен тыныштандырғыш дәрілер көмектеседі. Осыған дейін магниттік дауыл биыл мамыр айында тіркелген. 

Ғалымдардың айтуынша, мұндай дауылдар 10-20 жылда бір рет болады.

Депутат: «Осы залда отырған біз халықтың алдында кінәліміз»
Сыра мен шарап жарнамасына рұқсат етілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу