Елімізде сот қызметкерлерінің штаттық саны артады

Oinet.kz 25-09-2019 951

Картинки по запросу сотқызметкері

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасындағы жаңашылдықтарды түсіндіру кезінде елімізде сот қызметкерлерінің штаттық саны артуы мүмкін екені мәлім болды, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасына енгізілген негізгі ұстаным – ол соттың белсенді рөлі. Яғни сот ұсынылған материалдармен шектелмейді, өз еркімен барлық қажетті дәлелдерді талап етеді, тарапқа өзінің процессуалдық құқықтарын іске асыруға көмектеседі, қандай да бір қателіктерді жоюға жәрдемдеседі», - деп тоқталды ҚР Жоғарғы соты мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Әділет министрі Марат Бекетаев та сот белсенділігі күшейетінін атап өтті.

«Бүгінде билік органдары дауларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарастырады. Жаңа кодексте дауларды қарау үшін сот ісін жүргізудің әкімшілікті түрін енгізу ұсынылып отыр. Оның ерекшелігі – дәлелдемелерді жинау процесінде сот белсенділігі күшейеді. Белсенді рөл принципін басшылыққа ала отырып, енді сот дәлелдерді дербес жинап, даудың мән-жайын зерттейді, іс бойынша алдын ала пікір айтады, талап-арыз берудің салдарын түсіндіреді», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, М. Бекетаев «судьялардың белсендігін арттыру бағытындағы жұмыстар соттардың жүктемесін қаншалықты арттырады?» деген сауалға жауап берді.

«Соттардың жүктемесі артуы мүмкін деген тәуекел бар, рәсімдердің жеңілдетілетінін ескере отырып, сондай-ақ судьялардың белсенді рөлімен өздерінің көмектерін беретінін назарға алсақ, талап-арыздар саны артуы мүмкін. Осы тектес реформалар жүргізген көп елдерде осындай жағдай орын алған болатын. Ол үшін сотқа дейінгі міндетті рәсімдер ескеріліп отыр. Сотқа жүгінер алдында мемлекеттік органға барып, белгіленген тәртіпте келіспейтін мәселелерді мәлімдеу керек. 15 күннен кейін сотқа баруға болады. Бұл өз кезегінде меморган өзінің қателіктерін түзету үшін жасалуда. Мұндай тетіктер соттардың жүктемесінің күрт артпауына ықпал етеді. Екіншіден, сот жүйесі де дайындық жасауда, қазіргі кезде тиісті есептеулер жүргізілуде. Менің ойымша, осы санаттаға істер бойынша аталған бағытта жұмыс істейтін судьялар және әкімшілік мемқызметшілер штаты артады», - деді Марат Бекетаев.

Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын ҚР Әділет министрлігі Жоғарғы сотпен бірлесіп әзірледі.

Ақтаулық альбинос қыздардың тағдыры(видео)
Ақан Сатаев неге Серік Сәпиев туралы кино түсіріп жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу