17 жасар қызды өгей шешесі құл етіп, қорлық көрсеткен

Oinet.kz 25-09-2019 2638

Screenshot_21.jpg

17 жасар Гүлсезім Өмірзақтың асыраушысы көк ала қойдай етіп сабап, қорлық көрсеткен, деп хабарлайды «Астарлы ақиқатқа» сілтеме берген Oinet.kz

Биологиялық анасы 23 жасында жесір қалып, үш баласын өз абысына жетілдіріп беруін өтініп тапсырады. Гүлсезіммен бірге 15 жасар Аяна, 12 жасар Дархан есімді бауырлары да өгей анасымен бірге тұрады.

Мираш Есімбекова Гүлсезімді және оның бауырларын құлдай жұмсап, анасымен жүздестірмей, жұмысқа салып, азапта толы күндерді көрсеткен. Қорлыққа шыдамаған бойжеткен бірнеше рет үйінен қашып кетуге мәжбүр болған. Өгейлігін көрсеткен анасы, тіпті, сап-сау қызды жындыханаға жатқызуға дейін әрекет жасаған. 

 

Видео сілтемесі

«Мен апаммен қалғым келмейді. Мені өз анама жіберіңдер. Апам мені ұрады, бауырларымды да ұрады. Олар, қорыққанынан айта алмайды», - дейді Гүлсезім. 

«Заң тұрғысында балалардың анасына баруына ешқандай мүмкіндігі жоқ. Анасының өзі ресми түрде балаларын бас тартқан», - деді заңгер.

Десек-те, Гүлсезімнің бауырлары апасымен қалғысы келетінін, оны жақсы көретінін айтып, мәселені одан әрі шиеленістірді. 

Геннадий Головкин үздік емес деп танылды
Жұлдыз Өмірғали: «Өзімнің ақшам ештеңеге жетпейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу