Әрбір 11 секундта ана мен бала өлімі тіркеледі

Oinet.kz 20-09-2019 1103

Картинки по запросу АНа мен бала өлімі

Жүктілік немесе босану кезінде әлемде әрбір 11 секундта бір әйел немесе шақалақ көз жұмады. 2000 жылдан бастап бала өлімінің деңгейі екі есеге төмендеген, ал ана өлімі – сапалы және қолжетімді медициналық көмектің арқасында үш есеге азайған, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемде жыл сайын 2,8 млн жүкті әйел мен нәресте қайтыс болады. 2017 жылы жүктілік пен бала босану кезіндегі асқынулар салдарынан 290 мың әйел көз жұмған. 2018 жылы 6,2 млн бала 15 жасқа дейін өмір сүрген. Оның ішінде 5,3 млн бала бес жасқа дейін және жартысы 12 айға дейін көз жұмған. 

«Әр адамды қауіпсіз, қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін елдерде әйелдер мен балалар аман қалып, әрі қарай өмір сүруде», - деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус. 

Сарапшылардың атап өтуінше, жүкті әйелдер дұрыс тамақтанбайтын, гигиена сақталмайтын және акушер дәрігерлер жетіспейтін кедей мемлекеттерде нәрестелерге қауіп төнуде. Осы себепті, Сахарадан бастап Африканың оңтүстігіндегі елдерде жүктілік және босану кезінде әйелдердің ажал құшу көрсеткіші бай өңірлерге қарағанда 50 есе жоғары. Балалар өлімі бойынша статистика да осындай.

 «Бүкіл әлемде баланың дүниеге келуі – қуанышты оқиға. Соған қарамастан, әрбір 11-секунд кейбіреулер үшін отбасылық қасіретке айналып отыр», - деді ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Форе. 

2018 жылы Сахарадан бастап Африканың оңтүстігіндегі елдерде бес жасқа толмаған әрбір 13-бала көз жұмса, Еуропа елдерінде бұл қайғылы жағдай әрбір 196 балаға тән. ЮНИСЕФ сарапшылары Оңтүстік Азиядағы ана мен бала өлімінің жоғары деңгейіне алаңдаулы. Осындай статистикалардың басты себебі – кедейлік пен теңсіздік.

Қазақстандық «Аралтұз»-дан ресейліктер улануда
Ақтөбе облысында 13 жасар оқушы өлі табылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу