Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжаттарын жаңарту қажет

Oinet.kz 18-09-2019 1098

Картинки по запросу Тұрғын үй кезегі

Нұр-Сұлтан қаласында «Тұрғын үй» қоры үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжаттарын жаңарту керек. Құжаттарды қайда жаңартуға болатыны және олардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын  үй кезегінде тұрғандар заң бойынша құжаттарын жыл сайын жаіартуы керек. Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (кіру М. Жұмабаев көшесінен) мекенжайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркеуге болады. 

Жаңартуға қажетті құжаттар тізімі: 

1) өтініш (КММ-де толтырылады); 

2) өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

 3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады); 

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады); 

5) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№ 6 формасы) (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

 6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-нан № 2 формасы, сатып алу-сату/ сыйға беру / жекешелендіру /айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлігі көшірмелері); 

7) өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары: 

1. 1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін – куәлік; 

2. 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға – мүгедектік туралы анықтама; 

3. Кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар үшін – ауруы туралы анықтама;

4. Жасына қарай зейнеткерлер үшін – зейнетақы кітапшасы; жетім-балаларға – ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі/қамқоршы тағайындау туралы қаулысы/сот шешімі; оралмандар үшін – оралман куәлігі; 

5. Экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар үшін – құзіретті органның анықтамасы/актісі; 

6. Көп балалы отбасылар үшін – көп балалы ана кітапшасы; қызметтік міндеттерін атқару кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – құзіретті органның анықтамасы; 

7. Толық емес отбасылар үшін - некені бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері) және өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

 8. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін - жұмыс орнынан (қызметінен) анықтамасы және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 

9. Апаттық тұрғын үйі бар азаматтар үшін – құзіретті органның техникалық қорытындысы қажет.

Түркістан жұртшылығы Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
Атыраулық олигарх жігіт тойында айфон таратты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу