Аша Матай: «Жолды жасай бермей, көпбалалы аналарға қолдау көрсету керек»
Танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай бала құқығына, көп балалы аналарға қолдау көрсету керектігін айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.
«Балалар құқығы деген сияқты, көпбалалы аналар деген сияқты сол жаққа көбінесе. В общем, жолды жасай бермей қайта-қайта, басқа да көмектер берілсе, жасалса... Біз де ана болғаннан кейін ондай жағдайларды түсінемін. Және қолдау көбіне сол жаққа қарай берілсе екен», - дейді Аша Матай.
Көпбалалы аналарды түсінемін деген Аша мен Арман қызына мемлекеттен берілетін жөргекпұлды ала алмаған көрінеді.
«Ондай пысықтығымыз жоқ па, білмеймін ғой. Бірақ ондайға біз жоқпыз. Басқалардан естіп жатамыз ақша беріп жатыр осыншама деп», - дейді Арман Қоңыр.
Сұхбат барысында Арман мен Аша жақына сәби күтіп жүргенін жасырмады. Және екіншісі дүниеге келген кезде жөргекпұлға да назар аударатынын айтты.