Нұр-Сұлтанда үкіметтен үй сұраған жігіт, өз-өзіне қол жұмсамақ болды
12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Рүстем атты жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Биік кранмен жоғары көтеріліп, құламақ бол,ан Рүстемнің бар себебі үйдің жоқтығы.
«Ешқандай кезекте тұра алмаймыз, пәтерде тұрғанымызға 6-7 жыл болды. Пәтер 60-70мың теңге тұрады, қымбат. Екі балам бар. Үй керек», - дейді Рүстем.
Астана әкімшілігінің дерегінше, 46000 тұрғын үй кезегінде тұр. Билік оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 миллиард теңге керектігін айтады.