Балаға қол көтергені үшін балабақша тәрбиешісі айыппұл төлейтін болды
10 маусым күні сағат 16:00-де Атырау қаласы Жұлдыз шағын ауданындағы балабақшаның тәрбиешісі бүлдіршінге қол көтеріп, баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Осы іске қатысты Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты тәрбиешіге қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-тармағына сәйкес іс қозғап, нәтижесінде тәрбиеші кінәлі деп танылып, 26513 теңге айыппұл салынды.