Винокуровқа әлемдік чемпионатта пара берді деген деген айып тағылды

Oinet.kz 11-09-2019 947

Screenshot_2.jpg

Белгілі велошабондоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневтың үстінен 2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында  пара берді деген айып тағылды, деп хабарлады Oinet.kz ақпарат порталы «РИА Новости»  агенттігіне сілтеме беріп. Бельгия прокуратурасы спортшыларды жарты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында келісіп алған деп айыпталды 

10 қыркүйекте мемлекеттік айыптаушы оларды 6 айға бас бостандығынан айырып, Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салып, оның банктегі есепшотынан 150 мың еуро тәркілеуді сұрады.

Льеж соты үкімнің 8 қазанда шығатынын мәлімдеді. 

Колобнев 2017 жылдың басында карьерасын тәмамдаған. Ал Винокуров бүгінгі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері болып табылады.

Жақында ғана  Александр Винокуров Францияда өткен Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы болғанын  жазған едік. 

Түрмедегі Жәкішев денсаулығы нашарлап, босатуын сұрап отыр
Құны 531 мың теңге тұратын үш камералы «Apple Iphone» шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу