Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
03-05-2023
Ақтөбе қаласында асабалық қызметте жерген намазхан жігіт тоқал алғандардың тойын тегін жүргізіп бермекші, деп хабарлады Oinet.kz порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлан Отарбай Instagram парақшасына: «Шариғат бойынша төрт әйел алуға дейін рұқсат. Кеңес үкіметі кезіндегі құлдық санамен көп нәрсеге тыйым салынды. Соның ішінде көп әйел алу да бар.
Қазір қаншама қыз-келіншектер бұзылып кетіп жатыр. Жазылған сөздер рас. Бір жағынан сауап болар еді. Екінші жағынан жігіттерге жігер беру және өтімді жарнама. Қалай айтсам да, жақсылық жағы көп.
Әйел адамдар ауыр қабылдауы мүмкін.
Пайғамбарымыздың жұбайы Айша анамыз да қызғанған. Кезінде Хауа анамыз да сапардан келген Адам атаның қабырғасын санап "тағы бір әйел жаратылмады ма? деп қызғанады екен. Әйел адамның қызғанышы жаратылғаннан бар.
Қазіргі заманда көп әйел алуды ата-анаң, әйеліңнің туыстары, айналаңдағы жақындар түсінбейді. Бұл қиыншылықтарды да жеңуге болады. Ол үшін білім алу керек», - дей келе, шариғат бойынша, сүннет бойынша екінші әйел алғандардың тойын тегін жүргізіп беремін, - деген жазбасымен елді дүрліктірді.
Асаба жігіттің айтуынша, әзірге бәйбішемен қатар екінші әйел алғандардың тойын жүргізіп көрмеген.