Қытайдың Қазақстандағы елшісі елдегі митингілердің «далбаса» екендігін айтты

Oinet.kz 04-09-2019 3604

image.png

Қытай елінің Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо елдегі болып жатқан митингілердің «далбаса, ақылға қонғысыз» екендігін айтты.

"Мен елдегі болып жатқан жайтпен толықтай таныспын. Бұл мәселе жайында пікір қалдырмаймын, себебі Сыртқы істер министрлігінің өткізген жиынында менің әріптестерім егжей-тегжейлі түсініктеме берген. 55 кәсіпорынның қайдан шыққанын, олар қалай құрылып, бірлескен жобалар ретінде мемлекеттік сараптамадан толықтай өткендігін айтқан болатын. Менің алып қосарым жоқ."

Оның айтуынша, осы митингтерде айтылған аңғал және күлкілі пікірлер мен ойлар Қазақстанның мемлекеттік органдарының құзіреттілігі мен кәсібилігіне күмән келтіреді.

- Мен осы митингілердің қазіргі уақытта екі ел де дайындалып жатқан маңызды сапар қарсаңында болғанын айтқым келеді. Сондықтан, мұндай әрекеттің екіжақты қатынастардағы осы маңызды оқиғаға қарсы бағытталғанын сенімді түрде айта аламын.

Негізінде осы митингілердің арқасында жасырын біреулер тұрғандай. Ашығын айтқанда, халықтың Қытай жайында пікірін өзгертіп, екі елдің арасына іріткі салу екені анық. Дегенмен, мен олардың әрекеттері сәтсіз аяқталатындығын атап өткім келеді. Өйткені олар тек арампиғылды геосаяси мүдделерін жүзеге асыруды көздеп отыр, - деп Чжан Сяо сөзін қорытындылады.

ҚР премьер-министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы тағайындалды
Ғарышта қонақ үй салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу