Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кипрде жүрген Қазақстан азаматшасы туған баласын өлтірмек болды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Cyprus-mail.com. баспасөзі хабарлайды.
Оқиға 29 тамыз күні орын алған. Полиция бөлімшесіне күдікті 40 жас шамасындағы әйелдің 12 жасар ұлын өлтіргені жөнінде ақпарат келіп түскен. Мәйітті баланың әкесі мен өгей әкесі бірінші болып көрген.
Медициналық сараптамалардың нәтижесі бойынша жасөспірім тамақ тұсынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Кейіннен әйелдің Қазақстанның азаматшасы екендігі анықталған. Өз баласына пышақ сұққан әйел, қылмыстық әрекетінен соң өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалынады. Есін жиған азаматша өз әрекетін «Мен өзімді де, баламды да азаптан арылтқым келді» деп түсіндірді. Қылмыскермен психиатр мамандар жұмыс жасап, Аталассадағы психиатриялық ауруханаға көшіру жөнінде шешім қабылданды. Ол бұл оқиғадан бұрын да бірнеше рет психиатр қабылдауында болғаны анықталды.
Полиция бөлімшесінің басшысы Никосии Яннакис Хараламбус оқиға сараптамадан соң сотқа өтетіндігін мәлімдеді.