Елбасы электрондық кітапхана құруды ұсынды

Oinet.kz 04-09-2019 1026

Screenshot_4.jpg

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің І форумын ашты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электрондық кітапханасын құруды ұсынды,- деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме жасай отырып  Oinet.kz тілшісі. 

«Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электрондық кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз. Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Бұған дейін Қазақстан президенті «қазақ әдебиеті - халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына» деген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.

Алматы әкімшілігінің алдына жиналған бір топ адамның шағымы қандай?
Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу