Қазақстандық азаматтар Біріккен Араб Әмірлігінде ішімдік ішіп, шу шығарды
Жуырда Арабияда қонақ үйлердің бірінде бас қосқан қазақстандық туристер өзара жанжалдасып, төбелескен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары қоғамдық орында шу шығарып, төбелесу және тыйым салынған жерде алкогольдік ішімдікті қолдану фактілері бойынша іс қозғады, деп хабарлайды OINET.KZ Дубайдағы және Солтүстік Әмірліктердегі Қазақстан Республикасының бас консулдығына сілтеме жасап.
"Осы ыңғайсыз оқиға салдарынан отандастарымыз өзі мен отбасыларының демалыс шырқын бұзып қана қоймай, қомақы сомада айыппұл төлеуге мәжбүр", - деді Бас консулдық.
Құзырлы органның статистикасына сәйкес, мұнда туристер алкогольдік ішімдіктерді тұтыну заң бұзушылығына көп жол береді екен. Ел заңына сәйкес, онда тек лицензиясы бар орындарда ішімдік ішуге рұқсат етілген.
Осыған орай, туристік маусымның қарсаңында БАӘ-дегі Қазақстанның Бас консулдығы барлық туристерге жергілікті заңнаманың осындай ерекшеліктерін басты назарда ұстауларына кеңес береді..