«Фариза» пьесасы М.Әуезов театрында сахналанбақ

Oinet.kz 03-09-2019 1632

Картинки по запросу Фариза Оңғарсынова

Көркемсөз майданында өзіндік орнын ойып алған ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынова туралы жаңа туынды жарық көрді. Өршіл өлеңі мен рухы, батылдығы арқылы халықтың жүрегін жаулап алған марқұмның 80 жылдығына арналған пьесаның авторы белгілі драматург Роза Мұқанова. Ақын туралы қойылым  5-6 қыркүйек күндері М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрда қойылмақ, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі

«Фариза – тылсым күштің иесі. Күні ертең сіздердің алдарыңызда өз ойымызды, арман ниетімізді жайып салып, Фариза ақынның образын жайып салайын деп отырмыз», - деді «Фариза» пьесасының бас продюсері Айнұр Көпбасарова

Айта кетейік, Фариза Оңғарсыноваға арналған пьесада басты рөлді актриса, «Дарын» сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина сомдайды. Ал, қойылымның музыкасын ақынның көзін көрген композитор Ренат Гайсин жазып шыққан.

Қазан айында шығармашылық ұжым «Фариза» пьесасын Мәскеу сахнасында ойнамақ.


13 жастағы Алмас Беласаров квас жасауды кәсіпке айналдырды
Мемлекеттен әлеуметтік көмек алған көпбалалы аналар жәрдемақыны толығымен қайтаруға мәжбүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу