Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Теміртауда 700-ден астам саяжай үй өртеніп кетті. Төтенше жағдай нәтижесінде екі әйелді күйік шалып, олар бірден ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап.
Алапат өрт түскі уақытта, шамамен 12.00-де басталған.Жалынды сөндіруге өрт пойызы, жеті автоцистерна қолданылды. Өртті жоюға 64 адам тартылған.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде ол жерде саяжай үйлердің ағаш құрастырылымы, қақпалар мен ағаштар өртеніп жатқан. Қызметкерлердің бар күші тұрғын үйлерді, темір жолдарды, Жаңа ауыл бекеті мен "Металлургическая" қосалқы бекетін қорғауға жұмылдырылды" , - деп мәлімдеді Теміртаулық ТЖБ.
Анықталғандай, өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел мен түтіннің көп болуы кедергі келтірді. Жалынды сөндірген соң, өрт сөндірушілер екі зардап шеккен әйелді тапты.
"Өзін жайсыз сезінген 1932 жылы туған тұрғын мен ІІ-ІІІ "А" дәрежелі "бет пен сүйектердің термикалық күйігі" диагнозы анықталған келіншек ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек алып, дәрігерлерге қаралғанан кейін екінші әйел адам емханаға жатудан бас тартты" , - қалалық ТЖ басқармасының өкілдері.
Алдын ала болжам бойынша 700-ден аса қараусыз қалған және 20-ға жуық саяжай құрылыстары жанып кеткен. Сондай-ақ, 160 гектар алқаптағы шөп өртенген.