Тоқаев: «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент тұрғындарының көптігі алаңдаушылық туғызады»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте жолдаған алғашқы жолдауында Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы халық санының көптігі бұдан былай мақтаныш еместігін, керісінше тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету тұрғысынан алаңдаушылық туғызатынын жеткізді. Сондықтан бұл үш ірі қаладағы әкімдіктердің құзыреттілігін кеңейтуді ұсынды.
Сонымен қатар ірі қалалар көп шоғырланғанымен, Павлодар, Петропавл сынды қалаларда адамдар мен жұмыс күші жетіспейтіндігін, Үкімет көші-қон процесстерін басқарудың тиімді шараларын қабылдауы керектігін алға тартты.