Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсырды

Oinet.kz 16-08-2019 4444

Screenshot_2.jpg

Фото Спутникньюс

Бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Тамыз конференциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жиын барысында мемлекет басшысы мұғалімдердің айлығы төмен екенін тілге тиек еткен.

"Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді Тоқаев.

Осы орайда президент үкіметке ұстаздардың айлығын көтеруге тапсырма берді.

"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді ел басшысы.

Мәдениет және спорт вице-министрі Арыс қаласына келді
Балабақша тәрбиешілерінің жалақылары көбейе ме? Тоқаев жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу