Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұжымымен кездесті

Oinet.kz 15-08-2019 1182

Screenshot_9.jpg

"Шымкент – адалдық алаңы" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің активімен кездесті.

Кездесудің мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.

Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, аудан әкімі Ғ.Ильясов сөз сөйледі.

Кездесу барысында Асхат Жұмағали маңызды әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жергілікті атқарушы органдардың маңызды рөлін атап өтті.

«Әрине, Сіздерге үлкен мемлекеттік міндеттер жүктелгенін жақсы түсінеміз. Бұл жұмыста маңызды мәселе азаматтардың әл-ауқаты мен өмірін жақсарту, Сіздердің әрқайсыңызға сенімділікті арттыру болуы тиіс. Тек бірлесіп қана осы теріс құбылысты жоя аламыз» - деді А.Жұмағали.

Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар: «Өкінішке орай, біздің аймақта әкімдіктер өкілдерімен жасалған қылмыстар саны мемлекеттік органдар бөлінісінде алдыңғы қатарда тұр. Қалаға республикалық мәртебе берілген сәттен бастап Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті әкімдік қызметкерлеріне қатысты 17 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді. Барлық қылмыс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды, қазіргі уақытта 14 адамға қатысты сот үкімі шығарылды» деп атап өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының қатысуымен мұндай кездесулер соңғы 5 жылда өткізілген жоқ, бұл бірінші жағдай және олар бүгін біз үшін қажет. Адамдар сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері туралы білуі және түсінуі тиіс" – деп атап өтті Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов. Ол атқарылған жұмыстарды есепке ала отырып, әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар күшейтілетініне сендірді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша әкімдік басшылығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен, кешенді шаралар әзірлеу ұсынылды.

Қасқасу, Сарыағаш, Шардара... Оңтүстікте туристік кластер қалыптастырылуда
Мәдениет және спорт вице-министрі Арыс қаласына келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу