Тоқаев қайтыс болған арыстық баланың отбасына көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамыз күні Нұр-Сұлтан ауруханасында қайтыс болған баланың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Бала Арыс қаласында жол-көлік оқиғасынан зардап шекті. Содан кейін санавиация бортымен сол жерге тасымалданды.
Дәрігерлер баланың басына операция жасағанын, шетелдік мамандармен кеңескенін айтты.
Белгілі болғандай, баланы қағып кеткен жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Ол табылды. Ер адам жауапкершілікке тартылады.
Бала сегіз жасқа толуға екі апта қалғанда көз жұмған.