«Көшеде жылап тұрған бала құрыққа іледі»: Желіде тараған хабарлама қазақстандықтардың үрейін ұшырды

Oinet.kz 03-10-2023 1623

WhatsApp желісінде қазақстандық қыздар мен әйелдерді алданып қалмауға шақырған хабарламалар тарауда. Деректерге сай, мұнда көшеде жылап тұрған балалар қолында жазылған мекен-жайға апаруды сұрап, зорлық көрсететіндердің құрығына іледі екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Желіге тарап жатқан мәтінде жылап тұрған балалардың көшеде "жұмыс істейтіні" айтылған. Яғни, олар жалғызбасты қыздар мен әйелдерден мекен-жайдағы үйіне ертіп апаруын сұрайды. Бірақ шын мәнінде ол жерде қылмыскерлер мен зорлық көрсететіндердің құрығы бар екен.

Басылым атап өткендей, балалардың көшеде жылағаны туралы ақпарат алғаш рет желіде 2005 жылдың басында пайда болған. Содан кейін мәтін ағылшын тілінде SMS-хабарлама ретінде таратылған. Онда қылмыскерлермен жұмыс істейтін балалардың жынысы көрсетілмеген. 2010 жылы хабарлама бүгінгі күнге дейін таралатын пішінге ие болған. Бірақ әртүрлі тілдерде. Онда мекен-жайы бар қағаз ұстаған баларды тікелей полицияға жеткізу керек екені айтылады.

“2015 жылы мұндай хабарламалар Қазақстанға да жеткен. Бұдан кейін Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін және мұндай жағдайлар еш жерде тіркелмегенін хабарлады. Демек, бұл хабарға сенудің қажеті жоқ. Көшеде зорлаушылар мен қарақшылармен бірігіп жұмыс істеп жүрген балалар жоқ", - деп жазады басылым.

Онлайн квизы среди студентов колледжей прошли в Казахстане
«Аяғы сал тартып, жүре алмай қалған»: Жүзден астам оқушы белгісіз аурумен ауруханаға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу