Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтар ауруханада негізсіз көп жататынын айтты

Oinet.kz 26-07-2019 10447

Screenshot_3.jpg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте қазақстандықтардың қажет болмаса да ауруханада тым жиі жататынын айтты.

Министр негізсіз және қайталап жатқызу өте қымбат болғандықтан, бүкіл әлемде ауруханаға жатқызу талаптарына қатаң бақылау қойылатынын байқаған. 

«Біздің елімізде, басқа елдермен салыстырғанда, ауруханалар өте көп тұтынылады. Яғни, өкінішке орай, ауруды үйде емдеуге, дәрі қабылдауға, дәрігерге баруға немесе күндізгі стационарға барып, инъекция қабылдауға болса да, адамдар тым көп және жиі ауруханаларда жатады", - деді Біртанов.

Министрдің сөзінше, мамандар бақылауында болу үшін ауруханаларда ауыр жағдайдағы, тәулік бойы бақылап отыруды немесе жоспарланған операцияларды жасауды қажет ететін адамдар жатуы керек.

Арысым – ұлттық намысым
Сайрамсу шатқалында экологиялық сенбілік өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу