Арысым – ұлттық намысым

Oinet.kz 26-07-2019 1013

beysen.jpg

2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында жойқын жарылыс болып, ел әбігерге салынды. Міне, осы төтенше жағдайдан кейін 1 ай уақыт өтті. Арыстың қазіргі жай-күйі қалай? Мемлекет тұрғындар алдындағы міндетін орындап жатыр ма? Осы және өзге де мәселелер жөнінде Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай ТӘЖІБАЕВ мырзамен сұхбаттасқан едік. Жарылыс болған күннен бастап облыстық штаб құрамында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген азамат қиын-қыстау кезеңде елдің жұдырықтай жұмылғанын айтады.
– 24 маусымда таңғы сағат 9.20-да Арыс қаласындағы №44 859 әс­кери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы жа­рылды. Жарылыстың дүмпуі әлеу­меттік желілер мен бұқаралық ақ­парат құралдары арқылы лезде Қа­зақстанды шарлап кетті. Арыс қа­ласындағы 45 мыңнан астам тұр­ғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр бол­ды. Түркістан облысының әкі­мі Өмірзақ Шөкеев жедел штаб құрып, төтенше жағдай жариялады. Тұр­ғындарды қаладан тегіс эва­куациялау жөнінде шешім қа­был­дады. Бұл шешім дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Әри­не, тұрғындардың басым бөлігі өз кү­­шімен тастап шыққаны да жа­сы­рын емес. Дегенмен арнайы ше­­шім қабылданған соң Арысқа ірі көліктер мен әскерилер жібері­ліп, халыққа барынша көмек көр­сетілді. Талай отбасыны апат ор­ны­нан алып шықты. Жарылыс бол­ған сәтте ұлтымызға тән бауыр­малдық, мейірбандық, адамгер­ші­лік сынды асыл қасиеттер жарқы­рап көрінді. Мыңдаған азамат Арыс­тан жөңкіле көшкен елді кө­ліктерімен тегін тасымалдады. Ар­найы қабылдау орталықтарына орналастырды. Әсіресе, тұр­ғын­дар­дың ұрпақ аман болсын деген ниет­пен танымайтын адамдардың ба­лаларын көлікке мінгізіп, қауіп­сіз аймаққа апаруы, кейін ол ба­лаларды ата-аналарына тапсыруы жан­ды тебірентті. Бұл елдігіміз бен бірлігімізді аңғартты. Қашанда қи­налғанға қол ұшын созғысы ке­ліп тұратын халқымыз бұл жолы да мейірбандықтың асқан өнегесін көр­сетті.

– Қоғамда осы төтенше жағдай ту­­ралы түрлі пікір бар. Сіздің ойыңыз­ша апаттан кейінгі алғашқы күн­дері жергілікті атқарушы билік аза­маттар алдындағы өз жауап­кер­шілігін толық сезініп, өзіне жүк­тел­ген міндеттерді тиісінше орындай ал­ды ма?

– Бұл төтенше жағдай елімізге өте ауыр тиді. Тұтас бір қаланы эва­куациялау – тәуелсіздік жыл­на­мамызда болмаған сынақ. Ал­ғаш­қы сәттен бастап билік тара­пы­нан тұрғындарды қауіпсіз орын­дарға көшіру, оларды уа­қыт­ша орындарға паналату мәселелері ше­шімін тапты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлі қауіп бұл­ты толық сейілмегеніне қара­мас­тан оқиға орнына келіп, жағ­дай­мен танысты. Зардап шеккен тұр­ғындармен кездесті, Үкімет пен тиіс­ті басшыларға нақты тап­сырмалар берді. Жоспар құрылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ІІМ күштік құры­лы­мы­нан, азаматтық қорғаныс орган­да­рынан, полициядан және өзге де құры­лымдардан 1 200-ден астам адам жұмыс істеді. Жүздеген тех­ника жұмылдырылды. Өрт сөн­діру­шілер асқан жанкештілікпен өртті сөндірді.

Әскерилер мен білікті сапер­лар қыс­қа уақытта Арыс қаласы мен қа­ла маңындағы 20 шақы­рымдық ра­диустағы аумақты түгел тазалап, зерт­теп шықты. Оқ-дәрі қал­дық­тары­нан тазалады. Қой­мадағы өр­т­ті сөндіру үшін мың­даған тонна су жеткізіліп, барлық залалсыз­дан­дыру жұмыстары қолға алынды. Мем­лекет пен тұрғындардың мүл­кін қорғау үшін қауіпті аймақта әс­керилер мен полиция жасақ­та­ры­нан құралған топтар тәулік бойы күзетте тұрды. Қала қор­ша­лып, тұрғындардың қауіпсіздігі қа­таң сақталды. Төтенше жағдай­лар қызметі мен әскерилер күндіз-түні қызмет етіп, қаланы залал­сыз­дандыру, тазалау жұмыстарымен айна­лысты. Президентіміздің тап­сырмасымен Арыс қаласын­да­ғы әскери қойманы көшіру жұ­мыс­тары басталып кетті.
DSC_8976.jpg

Түркістан облысының барлық ау­­дандары мен Шымкент қа­ла­сы­ның эвакуациялық пункт­те­рін­де Арыс қаласының 30 мыңнан астам аза­маты тіркеліп, оларға жағдай жа­салды. Жомарт жүректі жұрт­шы­лық тарапынан жиналған гума­ни­тарлық көмек пен азық-түлік уа­қытылы жеткізіліп, қажетіне сай үлес­тірілді.

Арыс қаласы мен әскери қой­ма­­да оқ-дәрілерді тазалау және қа­­ланы дезинфекциялау ша­ра­ла­рын Жамбыл және Қызылорда об­лысының мамандары жүргізіп, то­лығымен аяқтады. Қаланың эпи­­­демиологиялық қауіпсіздігін сақ­­­тау үшін шұғыл жұмыстар ат­қа­рыл­ды. Денсаулық сақтау ми­нистр­­­­лігінің санитарлық-эпи­де­мио­­­логиялық қызметінің 155 ма­ма­­ны мен 22 бірлік техникасы Арыс қаласындағы нысандарда тек­­­серу, дезинфекциялау жұ­мыс­тарын жүргізді. Ветеринарлық қызмет өкілдері өлген жануар­лар­дың өлексесін жою және залал­сыз­дандыру жұмыстарын атқарды.

Экология, геология және т­а­би­ғи ресурстар министрлігінің өкіл­дері арнайы зерттеу жүргізді. Ма­мандар Арыстағы атмосфералық ауаның таза, судың және топырақ­тың ластанбағанын және радиа­ция­­­ның жоқ екенін мәлімдеді. Арыс­­қа жақын Ордабасы және Оты­­рар аудандарында гос­пи­таль­дар құрылып, тұрғындарға ме­ди­ци­налық көмек көрсетілді. Қала­ның электр және су жүйесі қалпы­на келтірілді.
Арыс курлыс.jpg

Арыс оқ-дәрілерден тазарған соң облыстың түкпір-түкпірі мен Шым­­кент қаласындағы эвакуа­ция­­лық орындардағы арыстық­тар­ға арнайы көлік бөлініп, олар үй­леріне оралды. Қысқасы, мемле­кет­­тік органдар өз мүмкіндігінше тө­тен­ше жағдайдың зардаптарын жою бойынша жүйелі әрі нақты жұ­мыстар атқарып жатыр. Жары­лыс зардабы ауқымды болғандық­тан, мәселелер көп. Дегенмен мем­­­лекет тарапынан жүйелі жұ­мыс­тар қолға алынып, жағдай тұ­рақ­танғанын айтқан жөн.

– Арыс қаласын қалпына кел­тіру жұмыстары 17 сектор арқылы жүр­гізіліп жатыр. Осы секторлардың жұ­­мысына кеңірек тоқтала кет­сеңіз...

– Жарылыс болған күннен бас­тап өңір басшысы Өмірзақ Ес­тай­ұлы арыстықтармен бірге екенін іспен дәлелдеп, осында 1 ай тұра­ты­нын айтты. Сол уәдесін орын­дап, әр аптадағы аппарат жиын­дары мен мәжілістерді Арыс қала­сын­да тұрақты түрде өткізіп келеді. Облыс басшысы әрбір тұрғынның та­лап-тілегі ескеріліп, ақпараттар ашық әрі шынайы болсын деген та­лап қойды. Соған сәйкес, Қор­ға­ныс министрлігі мен Төтенше жағ­дайлар комитетінің және өзге де министрліктердің, Түркістан об­лысы мен Арыс қаласы әкім­дігі­нің өкілдері күн сайын тұрақты түр­де брифинг өткізіп, соңғы мә­ліметтерді баяндап отырды. Елі­міздің Премьер-министрі Асқар Ма­мин Арысқа апта сайын келіп, құры­лыс барысын өзі қадағалап отыр. 

курлыс.jpg

Облыс әкімінің бастамасымен Арыс қаласында 17 сектор құрыл­ды. Секторларға жауапты болып 14 об­лыс пен 3 қаланың әкімдіктері бе­­кітілді. Сонымен бірге, Түр­кі­стан облысындағы аудан және қала әкім­діктері де облыстармен бірге жұ­мыс істеп жатыр. Әр облыс өзіне тие­сілі секторда құрылыс жұ­мыс­тарына жауапты болса, аудандар тұр­ғындарды тіркеу, өтемақыға құ­жаттарын жинау, тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдау, гу­манитарлық көмекпен қамту, таза­лық жұмыстарымен айналысты. Секторларда штаб құрылып, бекі­тіл­ген мамандар елдің талап-тіле­гіне сай жұмыс істеді. Әр штабта же­дел медициналық бригадалар тұ­рақты түрде тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.

Облыстар мен қалаларға белгілі ау­мақтар бөлініп берді. Әр өңір өзі­не жүктелген аумақтағы үйлерді со­­­ғып жатыр. Қазірдің өзінде 2 000-нан астам үй жөнделіп, иелеріне тап­сырылды. Құрылыс жұмыс­та­ры­ның басы-қасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың өзі та­былып, қаланы қалпына келтіруге үлкен үлес қосып жүр. Аудан, қала әкім­діктері 100 мың теңге өтема­қы­ға құжат жинау, азаматтарды тір­кеу жұмыстарын толық аяқтады деуге болады.

Жұмыс бар жерде мәселелер де бо­лады. Кейбір тұрғындар құры­лыс барысымен, ақау актілерімен ке­ліспеуі мүмкін. Олардың да та­лап-тілегі ескеріліп, үйлер қосым­ша арнайы сараптамадан өтуде. Бас­тапқыда 20-дан астам үйді қай­та соғамыз деп жоспарланса, қа­зір толық бұзылып, салынатын үйлер саны 300-ге жетті. Бұл – тұр­ғындармен тиісті жұмыс жүріп жат­қанының, сапалы диалог орна­ғанының белгісі. Осы ретте штаб мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібековтің төрағалы­ғы­мен әр секторда ауқымды жұмыс ат­­қарылғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, 17 сектор бойынша да жергілікті белсенді тұрғындар тар­тылды. Әр 10 үйге бір белсенді тұр­ғын бекітіліп, олар өз көр­ші­лері­нің мұң-мұқтажын, арыз-ша­ғымын секторларға жеткізіп отыр­ды. Яғни, жергілікті халық ара­сы­нан таңдалған 800-ге жуық бел­сенді де бізбен бірлесе жұмыс істеп жа­тыр. Құрамы үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ардагерлер, әйел­дер кеңесі мүшелері, жастар, бел­сенділерден тұратын штаб мү­шелері қаладағы өзекті мәселелерді ше­шуге атсалысуда. Олар тұр­ғын­дардың талап-тілектерін тыңдап, туындаған мәселелерді бірлесе оты­рып шешуді жүзеге асырып жа­­тыр. Апат кезінде қиын жағдай­да қалған отбасылармен, үйі тұруға жарамсыз деп танылған тұрғын­дар­дың мәселелерін жеделдетіп шешу, ауруханада жатқан зардап шегушілердің жағдайларымен та­нысу, зақым келген үйлердің ба­ға­лануы мен ақау актілерінің түзілуін қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жары­лыс­тан үйі қатты зардап шеккен 28 от­басыға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары қолға алынды. Азық-түлік пен гуманитарлық көмек же­ткілікті деңгейде таратылды. Бел­сенді азаматтардың игі іске жұмылуы азаматтық қоғамның да­мып келе жатқанының бір кө­рінісі деуге негіз бар. Бұл – ұлт бо­лып ұйысып, жұрт болып жұ­мыл­ғанымыздың айқын көрінісі. Үкі­меттік емес ұйымдар мен ерік­тілерді елдік мәселелерге бағыттап, со­лармен бірлесіп жұмыс істеу қоғам үшін пайдалы. Үйлердің құры­лысы, бағалау жұмыстары, гу­манитарлық көмек тарату тұр­ғындардың қатысуымен әділ әрі сапалы ұйымдастырылды.

«Түркістан» атты арнайы қор құ­рылып, оған ел тұрғындары мен кәсіпкерлер үлес қосты. Белгілі кә­сіп­керлер мен компаниялар Арыстағы құрылысқа белсене ара­ласып, жомарттығын аңғартты. Ел Үкіметі, «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, об­лыс, қала әкімдіктері де арыс­тық­тармен бірге екенін іспен көрсетіп жа­тыр. Бүгінде қорға 1,9 млрд тең­геден астам қаржы жиналды.
– Жалпы төтенше жағдайдан кейінгі Арыс тұрғындарының әлеу­мет­тік жағдайын жақсарту үшін мем­лекет тарапынан қандай көмек­тер көрсетіледі? 

– Біріншіден, жарылыстан зар­дап шеккен үйлер жөнделіп жатыр. Арыста 8 466 үй бар болса, оның 7 150-іне зақым келген. Бұдан бө­лек көп­қабатты үйлердің 100-ге жуы­ғы за­қымдалып, осы нысан­дарда жөн­деу жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұ­мыстарына еліміздің түкпір-түк­пірінен 215 компания және 7 мың­нан астам адам тар­тылған. Бү­гінде 2 048 үй жөнделді. Қа­ла­дағы 66 әлеуметтік нысан бо­йынша да жөндеу жұмыстары ат­қарылуда. Оның ішінде 4-і ба­сынан салына­ды. Бұл жұмыстарға 1 788 жұмыс­шы, 29 компания жұмылдырылған.

Екіншіден, Арыс жұртшы­лы­ғы­на еліміздің облыстары мен қа­лаларынан 800 тоннадай гу­ма­ни­тарлық көмек жеткізілгені белгілі. Бүгінде қоймадағы азық-тү­лік пен өзге заттардың 700 тон­насы тұрғындарға таратылды. Ал қалған 100 тонна азық-түлік сек­тор­лар бойынша анықталған 1 545 аз қамтылған және көп­ба­лалы от­басыларға беріліп жатыр. Сон­дай-ақ Арыс қаласындағы 31 мүм­кіндігі шектеулі адамға қо­лар­ба берілді. Бүгінде демеушілер есе­бінен «Мектепке жол» акциясы ар­қылы Арыстағы оқушыларға мек­­тепке қажетті құрал-жабдықтар әпе­ріліп жатыр. Мәселен, жуырда ғана «Ембімұнайгаз» компа­ния­сы­ның жұмысшылары 402 оқушыға киім-кешек пен мектеп құралда­рын сатып әперді. Қайырымдылық жұмыстары әлі де жалғасын та­ба­ды.

Үшіншіден, Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі. Үкімет бекіткен тізім бо­йын­ша Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл окру­гін­де – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл окру­гі бойынша – 4 232 адам, Дер­ме­не ауыл округінде – 2 052 адам, жалпы 55 602 тұрғынға 100 мың тең­геден 5,6 миллиард теңге кө­ле­мінде өтемақы төлеу жос­пар­ла­нып отыр. Өтемақы төлеуге Үкімет ре­зерві есебінен және облыстық бюд­жеттен әлеуметтік қорға түс­кен қаржыдан бөлінеді деп жос­пар­ланған. Қаржылай қолдау жуыр­да беріле бастайды. Бұл да тұр­ғындар үшін үлкен көмек.

Төртіншіден, қалада 4 000-ға жуық зейнеткер тұрады. Зейнет­кер­лерді әлеуметтік қолдау мақ­сатында олар демалыс орындарына жіберіліп жатыр. Шымкенттегі об­лыстық ардагерлер үйінде қазір 200-ден астам арыстық ардагерлер демалуда. Сайрам ауданындағы «Мерей» ардагерлер үйінде 190 ар­дагер ем қабылдап жатыр. Бұл жұ­мыстар жыл соңына дейін жал­ғасады. Сонымен қатар Арыстағы балалар еліміздің әр аймағындағы ең мықты демалыс орындарына ат­танды. Бүгінде 3 мыңдай бала ла­герлерде демалып жатыр. Жал­пы, күзге дейін Арыс қаласында тұ­ратын 4 010 бала демалыспен қамтылады. 
арыс курылыс2.jpg

Бесіншіден, әр апта соңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәр­меңкесі тұрақты түрде өтіп жүр. Мұнда өнімдер нарықтағы баға­дан 30 пайызға арзан сатылды. Жалпы, арыстықтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау бар. Оны ел бі­ліп отыр.

– Арыстағы оқиғаны құбылтып, жал­ған ақпарат таратқандар да бол­ды. Тұрғындар тарапынан да әлі ша­­ғым айтып жатқандар жетерлік. Бұл ба­­ғытта қандай әрекет бар?

– Жоғарыда айтқанымдай, 17 сек­торда арнайы өкілдеріміз тұр­ғын­дармен тікелей жұмыс істеп жатыр. Бірде-бір шағым мен өті­ніш ескерусіз қалмайды. Өңір бас­шы­сы осындай талап қойып отыр. БАҚ беттері мен әлеуметтік же­лі­лердегі сыни материалдар мен ша­­ғымдар дереу тіркеліп, штаб­тар­ға хабарланады. Ары қарай сектор­лар­да сол арыз бойынша нақты жұ­мыс атқарылып, жауабы жедел бе­ріліп жатыр.

Облыстық ішкі саясат бас­қар­ма­сы мен облыс әкімінің баспасөз қыз­метінің мамандары апат болған алғашқы күннен бастап штаб құ­ра­мына кіріп, жедел ресми ақпарат та­р­атып отырды. Өкінішке қарай, әр өңірден келген мыңдаған құ­ры­лысшының және өзге де отаншыл аза­маттардың еңбегіне көлеңке тү­сіріп, жалған ақпарат тарат­қан­дар да болды. Қойма, оқ-дәрі ту­ра­лы жұртты шошытатын дәлелсіз ақ­парат таратқандар, шу шығарып, ты­ныштықты бұзғысы келгендер де кездесті. Құзырлы органдар ол аза­маттармен тиісті жұмысты қол­ға алды. Жалпы, дәлелсіз, жалған қауесет таратудың жауапкершілігі бар екенін, заң алдында жазалануы мүм­кін екенін әркім білуі тиіс.

Бір қаладағы нысандарды жөн­деу, бірқатарын жаңадан салу – өте қиын шаруа. Бір үй салудың өзі ма­шақаты мол жұмыс екенін бі­ле­міз. Ал 7 мыңнан астам нысанды жөн­деу барысында шыдам мен са­быр қажет-ақ. Кейбір көшелерде ер­те, кейбір көшелерде кеш жөн­деледі. Бұған тұрғындар да, БАҚ өкілдері де түсіністікпен қарағаны абзал. «Жұмыс жүрмей жатыр» деп шу шығару құрылысқа кері әсер етеді. Тиісінше секторларға барып, өтініш пен шағымды айтқан дұрыс. Бір нәрсе анық. Мемлекет тара­пынан барлық тұрғынға қолдау көр­сетіліп, зақымдалған үйлері жөн­деледі. Осындай қысылтаяң шақ­та әр азамат Арысқа қолымен, ісі­мен, тым құрыса сөзімен кө­мек­тесуі керек деп ойлаймын.

Тарихы мыңжылдықтарға та­мыр тартатын Арыс өзенінің бойы ежелден-ақ адамзаттың құтты қо­нысы болған. Жиырмасыншы ға­сырдың басында Арыс стансасы са­­лынып, қала дами түсті. Арыс – тоғыз жолдың торабында орна­лас­қан стратегиялық маңызы бар қала. Сондықтан бұл қаланың бо­­лашағы жарқын болады деп се­немін. Мемлекет басшысы тікелей ба­қылауда ұстап, барлық өңір әкім­діктері, тұтас Қазақ елі жұ­мыла көмектесіп жатқан бұл мекен қысқа уақытта қалпына келіп, тұр­ғындарды қуантатыны анық. Ол үшін бізге отаншылдық, бірлік және тынымсыз еңбек қажет. Елі­міздің әр қиырынан келіп, Арыс­тың құрылысына үлес қосып жат­қан азаматтардың, алғашқы күн­нен бастап көмегін аямаған барша қа­зақстандықтардың тілегі мен ең­бегі ақталатынына сенімдіміз. –

Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ,

«Айқын» газеті

Жаскешудегі жарқын кеш
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтар ауруханада негізсіз көп жататынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу