Абай облысындағы өрт қашан сөндіріледі? - ТЖМ жаңа басшысы болжам жасады

Oinet.kz 12-06-2023 864

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт қашан оқшауланып, сөндірілетіні туралы болжамын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Жаңадан тағайындалған министрдің айтуынша, өртке қатысты жағдай тұрақты, бірақ ауа температурасының көтерілуі мен екпінді жел салдарынан одан әрі өршу ықтималдығы бар.

"Мұны оқшаулау үшін жеткілікті топ құрылды. 1,5 мыңға жуық жеке құрам: өртсөндірушілер, орманды қорғау қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігі қызметкерлері. Сондай-ақ, 300-ге жуық техника мен 12 тікұшақ бар", - деді ол журналистерге.

Қазіргі уақытта өрт аумағы шамамен 43 мың гектар болған.

"60 мыңнан астам болды, бірақ жеке құрам жұмыс істеп жатыр, өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, өрт аумағы азайды. Болжамдар бар - жақын күндері біз өртті оқшаулап, сөндіруіміз керек.

Басқа өңірлерден жіберілген арнайы техниканың барлығы осы жерде және өртті сөндіруге жұмылдырылған. Қою түтінге байланысты екі ауылдың тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Олар әзірше үйлеріне қайтарылмайды", - деді ол.

Бурабайда суретке түспек болған астаналық әйел таудан құлап мерт болды
Оралда балалар отырған автобус жанып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу