Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

Oinet.kz 25-06-2019 6334

Screenshot_5.jpg

Кеше Арыс қаласында әскери қоймада жарылыс болып, оның зардабы бүкіл қалаға тиді. Арыстықтар қаланы тастап, жан-жаққа сауғалап қашты. Мемлекет тарапынан қала тұрғындарына көмек беріліп жатыр. Бір қуантарлығы, зардап шеккендерге кәсіпкерлер де қол ұшын созуда.

Кеше Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қалалық Атамекен Кәсіпкерлер Палатасы жанынан қаржылай көмек көрсету қоры ашылды. 

Аталған қорға алғашқылардың бірі болып жергілікті кәсіпкер әрі қалалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов өз атынан 10 млн теңге аударды.

"Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді өңірімізде болған осындай қайғылы оқиғадан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетуге шақырамын! Шет қалмай, барлықтарыңыз атсалысып көмектесуге келіңіздер!", - деп атап өтті кәсіпкер.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды
Жарылыстан кейінгі Арыс қазір қандай күйде? (Фоторепортаж)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу