2 жасар қызды жүк көлігі қағып мерт қылды
Жетісудағы Сарыөзек ауылында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Факт Сарыөзек ауылында тіркелді. 18 қыркүйекте аудандық полицияға бүлдіршін өлімі туралы ақпарат келіп түсті. Екі жасар қызды үйдің ауласында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан DAF жүк көлігі кездейсоқ қағып кеткен. Кербұлақ ауданының полицейлері тексеруді бастады.
Тергеу ҚР ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігі "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша жүргізілуде.