Зеленский жол апатына ұшырады - баспасөз қызметі президенттің жағдайын айтты

Oinet.kz 15-09-2022 794

Украина президенті Владимир Зеленский Киевте жол апатына ұшырағаны жайлы президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “РИА Новости” сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Баспасөз хатшысының айтуынша, кортеж жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жол нұсқаушы көліктер мен жеңіл көлікке шығын келтірілген, алайда ауыр жарақат алғандар жоқ.

"Мемлекет басшысына еріп жүрген дәрігерлер жеңіл көлік жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Президентті дәрігерлер қарап шықты, денесінен зақым анықталмады. Құқық қорғау органдары анықтап жатыр", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

«Тірі кезінде Гитлермен бір тізімге енгізу керек еді» - Иран телеарналары
Қостанай облысы орман шаруашылығының басшысы қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу