Ақтөбе облысында 28 жастағы ер адам өз әкесін пышақтап өлтірді
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 28 жастағы жергілікті тұрғын әкесін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қанды оқиға 8 қыркүйекте болған.
«Күдікті үйге мас күйде келіп, соның салдарынан әкесімен арада жанжал туындаған. Алайда ауызша кикілжіңнен кейін ұлы әкесіне пышақ ала жүгіреді. Ол асхана пышағын алып, әкесін бірнеше жерінен жарақаттайды. Зардап шегуші Ырғыз аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, кейіннен жарақаты салдарынан көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.