ШҚО-да дала өрті 700 гектарға жетті (видео)

Oinet.kz 07-09-2022 519

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында дала өрті 700 гектар аумақты қамтыды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйекте түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шыққан.

Қазіргі уақытта "Зырян" орман шаруашылығы және "Быков" орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жеткен.

"Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпыды. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды", – делінген ақпаратта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

«Машинаның іші қанға толы»: Шымкентте күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің ісі әділ шешіле ме?
Баян Мақсатқызын өзін сүймек болған жүгірмекті шапалақпен тартып жіберді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу