Ақмола облысында педофил 6 жасар қызды зорлап, кейіннен буындырып өлтірген

Oinet.kz 06-09-2022 795

Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызды ұрлап әкетіп, кейіннен зорлап өлтірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_38.jpg

Облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 35 жастағы тұрғын кішкентай қызды ұрлап, зорлап, артынша буындырып өлтіргені үшін Ақмола колониясында жазасын өтеп жатыр. Сотталушы оқиғаның мән-жайын түрме психологына айтып берген.  

Бұрын сотталмаған, үйлі-баранды ер адам қылмысқа не итермелегенін тергеу барысында және сот алдында сол күйі нақты айтып бере алмаған.   

Ол кішентай қызға көлігіндегі қуыршақты көрсетіп, қызықтырып шақырып алған. Артынша көлікке отырғызып, анасына апарып тастаймын деп алып кеткен. 

«Орман ішіне жеткен соң бүлдіршінді аяусыз қорлап, ойына келгенін істеген. Артынша қызды тірі қалдырмауды ұйғарып, оны мойнындағы кулонының бауымен қылқындырып өлтірген. Содан соң мәйітті жақын маңдағы елсіз жерге тастап кеткен», - делінген Ақмола облысы ҚАЖД баспасөз хабарламасында.

Бірнеше күннен кейін қолға түскен қылмыскер аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы: 125 (адам ұрлау), 120 (зорлау), 99 (кісі өлтіру), 296 (есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша айыпты деп танылды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты педофилді 25 жылға бас бостандығынан айырды.

«Азғындықты насихаттағаны үшін» ЛГБТ-белсенділері өлім жазасына кесілді
Мәдениет саласының мамандары Президент жолдауына қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу