Өз үйінде зорлап, өлтірді
Батыс Қазақстан облысында әйелді өз үйінде зорлап, өлтіріп кеткен. Қанды оқиға туралы марқұмның ауылдастары мәлімдедеді. Әйел үйде жалғыз тұрған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
"Әйелді зорлап, кейін өлтіріп тастаған. Ал күдіктіні әлі ұстамады", – дейді тұрғындар.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген полицейлер 1964 жылы туған әйелдің мәйіті 29 тамызда табылған.
"29 тамызда 13:00 шамасында Бөкейорда ауданы полициясына 1964 жылы туған әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің абайсызда кісі өліміне әкеп соғуы" бойынша іс қозғалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне қарай жария етілмейді", – делінген хабарламада.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.