Президент Қостанайдағы өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап шықты
Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Президенттің жұмыс сапары туралы видео Ақорданың telegram-арнасында жарияланды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты», - делінген БОРТ №1 Тelegram-арнасында.