Ақмола облысының тұрғыны 71 жастағы анасын ұрып тастаған

Oinet.kz 24-08-2022 731

Ақмола облысындағы Аршалы ауданының тұрғыны 31 жастағы ер адам 71 жастағы анасын ұрып тастаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_26.jpg

22 тамызда аудандық аурухана қызметкерлері полиция бөліміне қабылдау бөліміне егде жастағы әйелдің жүгінгені туралы мәлімдеген. Зейнеткерге төбе аймағының соғылған жарақаты, оң жақтағы 9,10-қабырғалардың жабық сынуы диагнозы қойылған. 

Тергеу кезінде зейнеткердің 31 жастағы ұлы отбасылық жанжал кезінде анасын соққыға жыққаны анықталған. 

Аршалы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Қазақстанда ұстаздарға арналған жаңа құрмет белгісі пайда болмақ
Нығматулиннің күйеу баласы "Қазаэронавигация" басшысы қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу