Қызылордада жасөспірім терең құдыққа құлап кеткен сәбиді құтқарып қалды

Oinet.kz 22-08-2022 2139

Қызылордалық жасөспірім тереңдігі төрт метрлік құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_12.jpg

Kyzylorda-news.kz хабарлауынша, құдықтың жанынан өтіп бара жатқан 15 жастағы жасөспірім сәбидің жылаған дауысын естіп, ойланбастан құдыққа секіріп түскен.

«Екі жасар бала анасының алдында жүгіріп кетіп бара жатқанын көрген едім. Ал мен смартфоннан ән тыңдап, өз бетімше кетіп бара жатқанмын. Кенет әлгі баланың анасы жанұшыра айғай салды. Сөйтсе, бала кәріз құдығына құлап кетіпті. Мен оны құтқаруға ұмтылдым. Жүгіріп келіп құдықтың ішіне түстім. Сол кезде тағы бір ер адам жүгіріп жетті. Ол алдымен баланы, сосын мені шығарып алды. Мен құдықтың іші сасық су мен лай батпаққа толы екенін білмедім», - дейді Арман.

Бұл Арманның облыс орталығына оқуға келіп, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне құжаттарын тапсырған беті екен.

Арал ауданы Бөген ауылының тұрғыны Арман Аманжолов – отбасының кенжесі. Отбасында оның екі әпкесі мен екі ағасы бар. Жасөспірімнің әкесі жұмыссыз, анасы мектеп асханасында жұмыс істейді.

Жамбыл облысында тағы бір жауынгер өлі табылды
«Мектепке жол - шекарасыз жақсылық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу