Маңғыстау облысында мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

Oinet.kz 18-08-2022 839

Маңғыстау облысындағы "Қарақұдықмұнай" ЖШС қызметкерлері ереуілге шығып жалақыны 100 мың теңгеге көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Ақтау-Лада" порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_5.jpg

Жұмысшылар ереуілдің заңды екенін мәлімдеді: олар басшылыққа бір апта бұрын ескертіп, өкілетті органдардың рұқсатын алған. Қызметкерлер кен орнында, вахта кентіндегі жатақхананың алдында ереуілдеп жатыр.

"Біз компания басшылығынан жалақымызды 100 мың теңгеге көтеруді сұраймыз. Біз ереуілге осы жылы наурызда шыққан едік, сол кезде басшылық талабымызды орындауға уәде етті, бірақ сол күйі орындаған жоқ. Бүгін біз ереуілімізді ресми түрде тіркедік және соңына дейін баруға дайынбыз, басшылықтың шешімін күтеміз", - деді кәсіпорын жұмысшылары.

Компания қызметкерлері ереуіл өндіріске кедергі келтірмегенін атап өтті, жұмыс штатты режимде жүріп жатыр.

"Кеше бізге прокуратура, еңбек инспекциясының өкілдері мен аудан әкімі келіп кетті. Жағдайды шешуге көмектесеміз деп уәде берді, бірақ әзірге нәтиже жоқ, басшылық байланысқа шықпай тұр", - дейді вахташылар.

Қарағандыда үш жасар бала терезеден құлап кетті
«Иен далада аштан өлді дегенге сенбейміз»: әскерде жүрген тағы бір сарбаз қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу