Емтихан қорытындыларын көрген студенттің жүрегі тоқтап қалды
Мысырда емтихандарын сәтті тапсырған студенттің қуаныштан жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.
Ата-анасының айтуынша, 22 жастағы Мубарак Хусейн Сайед Абдель-Джалил Кенедегі университеттің жаратылыстану факультетінде оқыған.
Жуырда ол емтихан бағалары бар хат алды. Нәтижелерін көрген студент кеудесінде ауырсынуды сезініп, ауруханаға түскен.
Кейін ол ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оған инфаркт диагнозын қойды.