13 жастағы қызды бұталар арасына сүйреп, зорламақ болған

Oinet.kz 25-07-2022 944

24 шілдеде Қарағанды қаласының 51 жастағы тұрғыны полицияға шағым түсірген. Сөзінше, кешкі 19:00 шамасында белгісіз біреу 13 жастағы қызының қолынан ұстап, бұталар арасына сүйреген. Кейін қызды зорламақ болған. Қыздың айқайлаған соң қаскөй баланы жіберіп, қашып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары келген. Олар көп ұзамай қаланың 36 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Бұл деректен кейін Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі " Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес қаскөй күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп мәлімдеді полицейлер. 

Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпараттарды полиция өкілдері жария етпеген. 

ШҚО-да бір күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала іздестіріліп жатыр
Ордабасы ауданында мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға үй сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу