Доссор-Құлсары тас жолында апат болып, 5 адам қаза тапты
Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Апат сағат 16:00-де Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында орын алды, деп жазады atpress.kz.
"Toyota Hilux және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",-деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.