Науқас баланың еміне ақша жинаған жасөспірімді қан-жоса етіп ұрып тастады

Oinet.kz 27-06-2022 800

Ақтөбеде 14 маусымда ер адам науқас баланың еміне ақша жинаған жасөспірімді теуіп, артынша ұрып тастаған. Алайда не үшін бұлай жасағанын түсіндіріп бере алмаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Диапазон басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Жасөспірім ер адамның жанына келіп, балаға көмек керек екенін, қолынан келгенінше көмектесуін сұраған. Алайда ер адам жасөспірімді теуіп, ұрып тастаған. 

Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Жасөспірімнен не болғанын білген соң, ер адамнан не үшін ұрғанын сұраған. Алайда толыққанды жауап ала алмаған.

"Полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды анықтап, тұтқындаған. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Психиатриялық сараптама тағайындалды", – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментіндегілер. 

Чем занимается Евразийский банк развития
Доссор-Құлсары тас жолында апат болып, 5 адам қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу