Танымал блогер бүкіл еркек атаулыдан көңілі қалғанын айтты
Танымал блогер Салтанат Аманқосова жігіттерден көңілі қалғанын, жеке өмірінде еш өзгеріс жоғын айтты.
Ақтаулық блогердің айтуынша, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып жүрген жігіті онымен тек өз пайдасы үшін ғана сөйлескен.
"Біреуімен сөйлесіп, танып көрейін деп ойлайсың. Соңында көңілің қалады. Бәрі жатып ішер. Сөйлесіп жүріп арада бір уақыт өткен соң менен қарызға ақша сұрайды. Еркек басымен қатыннан ақша сұрағаны ұят қой", — дейді Салтанат.