Канело Головкинді көпшіліктің алдында боқтап жіберді
Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес болашақ қарсыласы Геннадий Головкинге деген көзқарасы туралы айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sports.ru-ға сілтеме жасап.
"Головкин екіжүзді адам. Ол өзін жақсы жігіт деп көрсетеді, бірақ олай емес. Шындығында ол оңбаған. Ол өзін сүйкімді және жұмсақ ретінде көрсетеді. Бірақ, басқа жерде басқаша сөйлейді. Еркек бол!.
Мен қалай бармын, сондаймын. Мен, әрине, басқа біреу болып көрінбеймін. Мен өзімді басқаша ұстамаймын", - деді Альварес.