Ақтауда екі күдікті әйелді сыммен тұншықтырып тонады
Ақтауда белгісіз екі адам әйел мен бала тұрған пәтерге кіріп, қала тұрғынын баласының көзінше сымның бір бөлігімен тұншықтыруға тырысқан. Оқиға туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Lada.kz” порталына сілтеме жасап.
"Екі белгісіз адам көршімізді тонап кетті. Ол күйеуі жұмыста кеткен кезде үйде кішкентай баламен жалғыз болған. Ашық қалған есіктен екі ер адам кіріп, оны сыммен тұншықтырып, пәтерді тонаған. Құдайға шүкір өзі тірі қалды", - деді жәбірленушінің көршілері.
Маңғыстау облысының полиция департаменті 22 маусым күні сағат 15:25-те "102" кезекші пультіне пәтерді тонау туралы қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.