Ақтөбеде әскери қызметкер қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Oinet.kz 20-06-2022 1045

Ақтөбеде Ұлттық ұлан ефрейторы Андрей Петров қызды зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалған. Оқиға 15 маусымда түнгі 03:00 шамасында болған, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.

Screenshot_6.jpg

Андрей Петров түнде самалдыққа шығып, көмекке шақырған қыздың дауысын естіген. Ойланбастан далаға шыққан ол қызды зорламақ болған ер адамды көрген. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін пайдаланып, ер адамның арам пиғылын іске асыруға бөгет болған. 

"Кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары келгенше күдіктіні жерге жатқызып ұстап, полицияға табыстаған. "Мен кез келген адамның осылай жасайтынына сенімдімін. Бұл – ерлік емес. Жаңындағыларға көмектесу – еркек үшін ар мен намыс ісі. Мұндай кезде бей-жай қарамаңыздар" дейді ол", – деп жазды Александр Цой өз Facebook парақшасында. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккен қыз полицияға арыз жазған. 

Кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйел Шымкенттен табылды
Өз атасын өлтірді: 15 жасар жасөспірім кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу