Оралда студенттерді университет алдынан әскерге ап кетіп жатыр

Oinet.kz 16-06-2022 819

Оралда Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 4-курс студенттерін дипломдық жұмысты қорғаған соң бірден әскерге алып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде университет студенттері мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Screenshot_6.jpg

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент қызметкерлері университетті қоршап алған. Дипломдық жұмыстарын қорғаған түлектерді күтіп алып, бірден тексеріске алып кеткен. Ал сыртқа шықпаған түлектерді ішке кіріп, кабинеттерден іздеген.  

Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент бұл жағдайды растады. 

"Кеше дипломдық жұмысты қорғаған соң біз қызметкерлері жіберіп, әңгіме өткіздік. Әскери борышын өтегісі келгендер медициналық тексерістен өтіп, қызмет етуге әзір. Біз мұны студенттердің борышын өтеуден жалтарып кетпеуі үшін жсадық. Барлығы заңды", – деді БҚО Қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент басшысы Руслан Әміржанов. 

Нұр-Сұлтанда 31 жасар әйел 16 қабаттан секіріп кетті
Қазақстанда жаңа ұлттық мереке пайда болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу