Үйіміз тозақ сияқты
Алматы облысындағы Жауғашты ауылының тұрғындары аралау зауытының жұмысынан үнемі шу шығып, мазаларын алатынына шағымданады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ке сілтеме жасай отырып.
Жергілікті тұрғын Елена Яготинцеваның жүйкесі сыр берген. Күнделікті тыныштандыратын дәрі қабылдап отыруға мәжбүр.
"Үйге келген немерелеріміз ұйықтай алмайды. Мен тіпті аралау алаңына барып өзімді бензин құйып өртеп жібергім келеді, наразылығымды көрсетіп. Меніңше, содан кейін ғана әкім бізге көңіл бөледі. Себебі біздің шенеуніктер сондай бір қайғылы жағдайдан кейін ғана халыққа назар аударады", - деп шағымданды ауыл тұрғыны.
"Біздің денсаулығымызға үлкен зиян келтіріп жатыр. Біз шаңмен дем аламыз, үгінділері есік алдымызға дейін ұшады. Осының кесірінен балаларда аллергия пайда бола бастады. Бұл жағдай өте ұзақ уақытты алады. Енді осыған шыдауымыз керек пе?"- деді ауыл тұрғыны Самал Есенбаева
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың үйлерінің жанында ауқымды Ағаш өңдеу екі жыл бұрын басталған. Алдымен кәсіпкер бір аралау машинасын орнатты, содан кейін жарты жыл бұрын екіншісін сатып алды.
Шынымен де адамдардың тынышы әбден қашты, мұны тиісті органдар жүргізген сараптама құжаттары растайды.
"Тұрғын үйлердің ішінде 45/60 децибелдер, 47/62 децибелдер нормасы 45/55 децибелдер. Жоғарыда айтылғандардың негізінде департамент жергілікті атқарушы органнан өз құзыреті шегінде шаралар қабылдауды сұрайды",- деп хабарлады Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.
Жергілікті билік наразылық туралы білетінін, бірақ қазіргі уақытта олар ешқандай шара қолдана алмайтынын айтты. "Бұл іспен айналысып жатқандардың аудандық органдардан рұқсаты бар. Сол үшін біз олардың қызметін тоқтата алмаймыз. Ауыл тұрғындары бұл шағымын сотқа беруі керек", - деді Междуречин ауылдық округі әкімдік аппаратының заңгері Қайырхан Жұмекенов.
Кәсіпкер ауыл тұрғындарымен ашық сұқбат жүргізуге ниетті емес. Аралау машинасының иесі де журналистермен сөйлескісі келмейді.
"Мен құжаттардың барлығын тиісті органдарға көрсеттім. Сіздерге көрсете алмаймын", - деді кәсіпкер Лариса Докторович.
Құжат-қағаздардың бәрі дұрыс, деген жергілікті тұрғындардың күмәні басым. Сол үшін тұрғындар сыбайластық жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініп, сотқа шағым бермекші.
Видеосілтеме: Tengrinews.kz