Ордабасыда "тұлпар мініп, ту алған" атты өнер фестивалі өтті

Oinet.kz 29-04-2022 1221

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылды "Балалар жылы" деп жариялануына және Қазақстан Республикасының  Рәміздеріне 30 жыл толуына орай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  оқушылар арасында «Тұлпар мініп, ту алған» атты өнер фестивалі өтті.

Screenshot_18.jpg

Бүгінгі іс-шара аудан орталығында "Самұрық" аллеясында үлкен көрмеден бастау алды.

"Рухани жаңғыру" аясында салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты дәріптейтін шығармалардан 1000 -ға жуық қол өнер бұйымдары, жас суретшілердің сурет көрмесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. 

Фестивальді аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл ашып, сахнадан бүгін өнер көрсеткен оқушылардың, алдағы уақытта, еліміздің үлкен концерт залдарында, өнерді бағындырған танымал тұлғалар шығатынына сенім білдірді.

Screenshot_19.jpg

Өнер фестивалінде облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының мамандары жоғарғы деңгейде өткен іс шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, шығармашылығы арқылы өнер жолына түсіп, фестивалде өнер көрсеткен өршіл, өнерпаз балалар мен жасөспірімдерге, оларды дайындаған жетекшілеріне шығармашылық табыстар тіледі.

«Өлгім келді»: Қызыл жіп сатқан блогер еңіреп жылап қалды
Түркістан: Жаңбыр суынан зардап шеккендерге 100 млн. теңгеден астам көмек беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу