Бағдаршаммен атысып жүрген Рамзан Қадыровтың әскері елді күлдірді (видео)
Ресей мен Украина арасындағы соғысқа Шешенстан елі де белсене қатысуда. Мемлекет басшысы Рамзан Қадыров Киевті алуға өз жасағын жіберген болатын. Ал оның жасағы бағдаршаммен атысып жүр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Желіде бағдаршамды аяусыз атып жатқан Қадыров жасағының видеосы пайда болды. Оны көрген жұрт күлкіге қарық болды. Украина барлау қызметінің хабарлауынша, Шешен әскері соғысып жарытып жатқан жоқ. Олар желіде соғысып жүрген сыңайда фото-видеолар жүктеп жүр.