Халыққа «автобуспен жүрсін» деген министрліктің басшысы Президенттің кеңесшісі болды

Oinet.kz 13-01-2022 1536

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_7.jpg

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып 4 ай жұмыс істеді. Оның штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов автокөлік газының бағасына қатысты пікір білдіріп, оның қымбаттығына наразы жұртқа ұрсып тастаған болатын. 

«Бағаны нарық анықтайды. Ол табысқа тәуелді емес. Адамдар газдың бағасына көңілі толмаса, қоғамдық көлікті пайдалансын. Бұл енді проблема емес шығар?» – деген еді Олжас Байділдинов. Кеңесшінің осы бір пікірі ел ішінде шу тудырып, халықтың наразылығына ұшырады.

Мәсімов ісі бойынша тың деректер белгілі болды
Түркістан: Партия белсенділері блок-бекеттерге көмек көрсетуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу