Мәсімов ісі бойынша тың деректер белгілі болды

Oinet.kz 13-01-2022 1753

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Screenshot_5.jpg

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды" - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Елдіктің белгісін отаншылдық тірлігіміз көрсетеді
Халыққа «автобуспен жүрсін» деген министрліктің басшысы Президенттің кеңесшісі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу